2024 жылғы 4 наурыздағы № 16-4
Жәнібек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2.Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3.Аудандық мәслихат аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мәслихат төрағасы |
|
Т. Кадимов |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 06.03.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 7338-07 болып енгізілді
Результаты согласования
Жанибекский районный маслихат - Руководитель аппарата Назгуль Кабдрешевна Уалиева, 04.03.2024 18:02:56, положительный результат проверки ЭЦП
Жанибекский районный маслихат - Председатель маслихата Тахир Зинурович Кадимов, 04.03.2024 18:03:40, положительный результат проверки ЭЦП