Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы

 

Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және  Жәнібек ауданы әкімдігінің  2024 жылғы 23 қыркүйектегі №132 қаулысы негізінде Жәнібек аудандық мәслихаты         ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес жер комиссиясының құрамы бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес жер комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
  3. Жәнібек аудандық мәслихатының төмендегі шешімдері жойылды деп танылсын:

1) 2023 жылғы 24 тамыздағы №10-9 «Жер комиссиясының құрамы және ережесін бекіту туралы» шешімі;

         2) 2023 жылғы 6 қарашадағы №12-2 «Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы №10-9 «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;

         3) 2024 жылғы 23 сәуірдегі №18-2 «Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы №10-9 «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

              

                  Мәслихат төрағасы                                Т.Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жәнібек аудандық мәслихатының

2024 жылғы 27 қыркүйектегі

№26-2 шешіміне

 №1- қосымша

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына сай

Жер комиссиясының құрамы

 

Бисенов Мирболат Бауыржанович

Аудан әкімінің орынбасары,комиссия төрағасы

 

Кадыров Әл-Фараби Есенболатұлы

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы,

комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

Сарсенгалиев Аскар Маратович

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

 

Абдрешев Нурболат Зулпкарович

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы

Әдиев

Манарбек Танатарұлы

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

Ғазезов Ұшқын Қайратұлы

Аудан әкімі аппаратының бас инспектор заңгері

 

Нигметов Канат Имакашович

«Дидар» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша)

Жумашев Магауия Мадиевич

Жеке кәсіпкер, БҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңестің мүшесі (келісім бойынша)

Даумов Бибит Кадирович

Жеке кәсіпкер

(келісім бойынша)

Илимисов Есенжан Есболович

Жеке кәсіпкер

(келісім бойынша)

Ахметкалиев Акылбек Серикович

Жеке кәсіпкер

(келісім бойынша)

Куаналиева Мендигуль Сагидуллаевна

Жәнібек аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

(келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сай

Жер комиссиясының құрамы

 

Бисенов Мирболат Бауыржанович

Аудан әкімінің орынбасары,комиссия төрағасы

 

Кадыров Әл-Фараби Есенболатұлы

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы,

комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

Сарсенгалиев Аскар Маратович

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

 

Абдрешев Нурболат Зулпкарович

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы

Әдиев

Манарбек Танатарұлы

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

Ғазезов Ұшқын Қайратұлы

Аудан әкімі аппаратының бас инспектор заңгері

 

Нигметов Канат Имакашович

«Дидар» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша)

Жумашев Магауия Мадиевич

Жеке кәсіпкер, БҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңестің мүшесі (келісім бойынша)

Даумов Бибит Кадирович

Жеке кәсіпкер

(келісім бойынша)

Илимисов Есенжан Есболович

Жеке кәсіпкер

(келісім бойынша)

Ахметкалиев Акылбек Серикович

Жеке кәсіпкер

(келісім бойынша)

Куаналиева Мендигуль Сагидуллаевна

Жәнібек аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

(келісім бойынша)

Жакин Нурлыбек Турымтайович

Ақоба ауылдық округінің әкімі

Балталин Коблан Орынгалиевич

Ақоба ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Бактыгалиев Зинхар Махметденович

Борсы ауылдық округінің әкімі

Гусманов Алмабек Максимович

Борсы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Каратаев Алмат

Бакытович

Жақсыбай ауылдық округінің әкімі

Пайдин Кенжебек Елеугалиевич

Жақсыбай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Айткалиев Гибрат Талгатович

Жәнібек ауылдық округінің әкімі

Кувашев Ерсайн Пазилович

Жәнібек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Базарбаев Асылбек Аскарович

Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі

Рахмушев Зинулла Жунусович

Күйгенкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич

Қамысты ауылдық округінің әкімі

Сугуров Арыстанбек Есполсынұлы

Қамысты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Еркегулов Кенжебек Чапаевич

Тау ауылдық округінің әкімі

Есенов Асылан Жамашович

Тау ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Кыдыргалиев Нурдаулет Аянович

Талов ауылдық округінің әкімі

Айтжанов Сергазы Курманбаевич

Талов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

Шарипов Назар Амангельдиевич

Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Ажыгалиев Есберген Ибраемович

Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі (келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жәнібек аудандық мәслихатының

2024 жылғы 27 қыркүйектегі

№26-2 шешіміне

№2- қосымша

 

Жер комиссиясы туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Жер комиссиясы туралы ереже (бұданәрі –Ереже) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бап 1-2-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 бұйрығына сәйкесәзірленді.
  2. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Жәнібек ауданы аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

 

2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары

 

  1. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
  2. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

 

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
  2. Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
  3. Комиссия төрағасы Жәнібек ауданы әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
  4. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Комиссия төрағасы:

1) отырысты шақырады;

2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) Комиссияныңжұмысынжоспарлайды;

4) Комиссия отырыстарынатөрағалықетеді.

  1. Комиссия мүшелері:

1) ұсынылған материалдармен танысады;

2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;

3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.

  1. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;

2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;

4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. Жәнібек ауданының жерқатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссия отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі, қажет болғанда отырыс айдың кез келген күнінде өткізілу мүмкін.
  3. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  4. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады. Комиссия отырысына конкурсқа шығарылған жер телімі орналасқан ауылдық округі әкімі және жергілікті қоғамдастық өкілін қоспағанда. Басқа ауылдық округ әкімдері, жергілікті қоғамдастық өкілдері қатыспайды.
  5. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
  6. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  7. Комиссияның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
  8. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.
  9. Кодекстің 43-1-бабына сәйкес берілетін жер учаскелерін қоспағанда, Комиссияның оң қорытындысының қолданылу мерзімі қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды. Біржылдық мерзімді өткізіп алу жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшін негіз болып табылады.

 

                             4-тарау. Қорытынды ережелер

 

  1. Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

         Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету Жәнібек ауданы әкімнің аппаратына жүктеледі.

Дата публикации
27 сентября 2024