Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-11 «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023  жылғы 27 желтоқсандағы №15-11 «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-11 «2024–2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «1. 2024-2026 жылдарға арналған Талов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 86 811 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 1 501 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 85 310 мың теңге;

         2) шығындар – 87 937 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 126 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –1 126 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 126 теңге.»;

          аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

 

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

 

Дата публикации
10 сентября 2024