Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-15 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№136 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Абуов Жайсанбек Тулепович - «Қазақстан халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, №140 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Алдиярова Айымгүл Қадырғалиқызы - «Қазақстан халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, №153 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Иманбаева Жансая – «Ауыл» халықтық - демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы сайлансын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов