Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2024 жылғы 26 тамыздағы                                 № 24-1

 

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024–2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 606 774 мың теңге:

салықтық түсімдер – 975 875 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 24 481 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 465 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 602 953 мың теңге;

2) шығындар – 8 341 039 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 369 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 101 530 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 161 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -788 634 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –      788 634 мың теңге:

қарыздар түсімі – 585 835 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 47 161 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  - 249 960 мың теңге.;

         7 - тармақта:             

          бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «7. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 973 878 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

        төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

        «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 32 353 мың теңге;»;

        алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

        «Жәнібек ауданы аудандық маңызы бар Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен, 92-128 (36) шақырым автожолын күрделі жөндеуге – 1 646 018 мың теңге;»;

        сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

        «Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы Абдрахманов, Жұмаев, Жәнекешев, Иманов, Абуллин-Мусин көшелері аралығы және Өтемісов көшесінен солтүстік айналма жолға дейінгі аралығы, Мәметова көшесінің Жеңіс көшесінен Жәнібек ауылының шығыс жақ бөлігіне дейінгі жалғасы, Шарафетдинов көшесінің Өтемісов-Халиуллин көшелері аралығында орналасқан бөлігіндегі көшелерді күрделі жөндеуге – 694 609 мың теңге;»;

        оң екінші  абзац жаңа редакцияда жазылсын:

        «халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 113 006 мың теңге;»;

         аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

 

 

Дата публикации
27 августа 2024