Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-15 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№136 учаскелік сайлау комиссиясы құрамынан Серік Жұмағали Қайырболатұлы, №140 учаскелік сайлау комиссиясы құрамынан Хабиева Альфия Биржановна, №153 учаскелік сайлау комиссиясы құрамынан Досболатов Ғасырбек Мерекеұлы өздерінің берген өтініштері бойынша шығарылсын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов