Аудандық денсаулық сақтау объктілері көрсететін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қолға алған шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары (Ж.К.Абдоловқа), Жәнібек аудандық ауруханасының директоры (С.М.Исмагуловаға) ауданымызға медицина саласына жас мамандарын тарту, оларды тұрғын-үймен, тиісті көтермеақымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылсын.
- аудан тұрғындарына медициналық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында, арнайы дәрігер мамандардың ауылдық елді мекендерге шығу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын;
- аудан тұрғындарын қауіпсіз, тиімділігі жоғары, сапалы дәрілермен қамтамасыз етуін назарға алсын;
- «DamuMed» автоматтандырылған ақпараттық жүйенің қолжетімділігін арттыру, ақпараттарды уақытылы еңгізу қамтамасыз етілсін;
- интернет алаңдары мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, медициналық қызметкерлер ауылдық округтердің тұрғындарының арасында тегін көрсетілетін барлық медициналық қызметтерді алу тәртібі туралы, медициналық сақтандыру қорының тиімділігі туралы ақпараттандыру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізілсін.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов