Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

           1) Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 28 мамырдағы №21-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5224 болып тіркелген)  шешімі;

            2) Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 21-7 «Жәнібек ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 22 ақпандағы №15-3 шешімі.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 12.06.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 7397-07 болып енгізілді

Дата публикации
17 июня 2024