Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 504 203 мың теңге:
салықтық түсімдер – 880 406 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 19 950 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 465 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 600 382 мың теңге;
2) шығындар – 7 141 593 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 369 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 101 530 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -691 759 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 691 759 мың теңге:
қарыздар түсімі – 488 960 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 47 161 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 960 мың теңге.;
6 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттердің жалпы сомасы – 550 007 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;
бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 37 353 мың теңге;»;
сегізінші абзац алынып тасталсын.
7 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 3 874 432 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 33 431 мың теңге;»;
бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы аудандық маңызы бар Борсы ауылына 0-1 шақырым кірме жолын күрделі жөндеуге – 163 821 мың теңге;»;
сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы Абдрахманов, Жұмаев, Жәнекешев, Иманов, Абдуллин-Мусин көшелері аралығы және Өтемісов көшесінен солтүстік айналма жолға дейінгі аралығы, Мәметова көшесінің Жеңіс көшесінен Жәнібек ауылының шығыс жақ бөлігіне дейінгі жалғасы, Шарафетдинов көшесінің Өтемісов-Халиуллин көшелері аралығында орналасқан бөлігіндегі көшелерді күрделі жөндеуге – 682 297 мың теңге;»;
оныншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Тау ауылына аудандық маңызы бар 0-5 шақырым кірме автожолды күрделі жөндеуге – 488 899 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы Оразбаев және Наурыз автомобиль көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге – 98 114 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы оң төртінші абзацпен толықтырылсын:
«халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға кредиттер – 387 430 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|
|
Мәслихат төрағасы |
|
Т. Кадимов |