Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 2 маусымдағы №6-5 «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты аудандық комиссиясын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
комиссия құрамынан комиссия хатшысы Ижанова Айымгүл Айбекқызы және комиссия мүшесі Успанова Балауса Жанболатқызы шығарылып, комиссия хатшысы болып үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Серік Жұмағали Қайырболатұлы және комиссия мүшесі болып аудандық медицина қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Атабаева Нурсая Алпамысқызы енгізілсін.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов