Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-9 «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібекауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-9 «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібекауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

          Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-9 «2024 – 2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне  келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 92 994 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 1 322 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 74 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  91 598 мың теңге;

         2) шығындар – 94243 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 249 теңге;

         6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–1 249 теңге;

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 249 мың теңге.»;        

  аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы  шешім  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

 

 

  

Дата публикации
27 мая 2024