Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-5 «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-5 «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

          Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-5 «2024–2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «1. 2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 54 231 мың теңге:

         салықтық түсімдер –  1 008 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 40  мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  53 183 мың теңге;

         2) шығындар – 55 110 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -879 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –879 мың  теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 879 мың теңге»;

          аталған шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.         

 

 

  1. Осы  шешім  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

Дата публикации
27 мая 2024