Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 699 140 мың теңге:
салықтық түсімдер – 880 406 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 19 950 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 465 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 795 319 мың теңге;
2) шығындар – 7 336 530 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 369 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 101 530 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -691 759 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 691 759 мың теңге:
қарыздар түсімі – 488 960 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 47 161 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 960 мың теңге.;
6 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттердің жалпы сомасы – 937 892 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;
келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға кредиттер – 387 430 мың теңге.».
7 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 3 583 825 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
келесі мазмұндағы оң екінші абзацпен толықтырылсын:
«халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 16 131 мың теңге.».
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|
|
Мәслихат төрағасы |
|
Т. Кадимов |