Жәнібек аудандық мансап орталығының 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- мемлекет тарапынан берілетін гранттардың мақсаттары мен міндеттері жөнінде аудан тұрғындарын кеңінен ақпараттандыру;
- кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына үнемі мониторинг жүргізу;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда тиісті органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мақсатсыз пайдаланылған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар жүргізілсін.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов