Жәнібек аудандық мансап орталығының 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебі

Жәнібек аудандық мансап орталығының 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебі

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мансап орталығының 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебі қаперге алынсын.
  2. Атқарылған істер мен тындырылған жұмыстармен қатар шешімін табуға тиісті мына мәселелерге назар аударылсын:

          -  мемлекет тарапынан берілетін  гранттардың мақсаттары мен міндеттері жөнінде аудан тұрғындарын кеңінен ақпараттандыру;

          - кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына үнемі мониторинг жүргізу;

          - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда тиісті органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мақсатсыз пайдаланылған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар жүргізілсін.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 марта 2024