Жәнібек ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- әлеуметтік-экономикалық өңірлік бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ету;
- жұмыссыздықты азайту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдай отырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуын ерекше назарда ұстау;
- ауылдық округ тұрғындарымен бау-бақша егу, үй құстарын асыраумен айналысуын ұйымдастыру;
- өз ісімен айналысып, оны дамытуға мүдделі адамдардың мемлекеттік гранттарға белсенді қатысуына жәрдемдесу;
- ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы арқылы ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов