Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-6 «2024 - 2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-6 «2024 - 2026  жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

        Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-6 «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –56 596 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 284 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі –  55 312 мың теңге;

2) шығындар – 57 488 мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;       

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

       мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

       5) бюджет тапшылығы (профициті) – -892 мың теңге;

       6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
892 мың теңге:

        қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 892 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

2.Осы  шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                          Т.Кадимов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 марта 2024