Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024–2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 585 350 мың теңге:

салықтық түсімдер – 880 406 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 19 950 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 465 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 681 529 мың теңге;

2) шығындар – 6 826 561 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 369 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 101 530 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 161 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -295 580 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –      295 580 мың теңге:

қарыздар түсімі – 101 530 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 47 161 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  - 241 211 мың теңге.;

           7 - тармақта:             

           бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «7. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 3 567 694 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

         алтыншы абзац алынып тасталсын;

         тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы Абдрахманов, Жұмаев, Жәнекешев, Иманов, Абуллин-Мусин көшелері аралығы және Өтемісов көшесінен солтүстік айналма жолға дейінгі аралығы, Мәметова көшесінің Жеңіс көшесінен Жәнібек ауылының шығыс жақ бөлігіне дейінгі жалғасы, Шарафетдинов көшесінің Өтемісов-Халиуллин көшелері аралығында орналасқан бөлігіндегі көшелерді күрделі жөндеуге – 694 582 мың теңге;»;

        келесі мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

        «Жәнібек ауданы Тау, Борсы, Жасқайрат ауылдарының су құбырын реконструкциялауға – 98 000 мың тенге;»;

        келесі мазмұндағы оң бірінші абзацпен толықтырылсын:

         «Жәнібек ауданы  Тау ауылына аудандық маңызы бар 0-5 шақырым кірме автожолды күрделі жөндеуге – 600 000 мың теңге;»;

        келесі мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

        «әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру– 10 000 мың теңге;».

         аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                

                  Мәслихат төрағасы                                    Т. Кадимов

 

 

 

 

Дата публикации
20 марта 2024