Аудандық мәслихаттың 2024 жылдың
бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс
жоспары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов
I тоқсан
- Жәнібек ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы.
- Жәнібек аудандық мансап орталығының 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебі.
- оның ішінде жұмыссыздықпен күресу қалай жүргізілуде;
- қайтарымсыз грант алған тұлғалармен қандай жұмыстар жүргізілуде және қандай шаралар қолданылады.
II тоқсан
- Батыс Қазақстан облысының тексеру комиссиясының Жәнібек ауданы бойынша 2023 жылға арналған бюджеттің орындалуы жөніндегі есебі.
- 2023 жылға арналған Жәнібек аудандық және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.
- Аудандық денсаулық сақтау объктілері көрсететін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қолға алған шаралар туралы:
- оның ішінде «DamuMed» автоматтендырылған ақпараттық жүйенің қолжетімділігін арттыру;
- аудан тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- науқастарды емдеу, оларды ота жасауға жолдау бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізу тәртібі.