2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Куйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы

2024-2026  жылдарға арналған 

Жәнібек ауданы Куйгенкөл ауылдық

округінің бюджеті туралы

 

         Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы  4 желтоқсандағы    Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 84 405 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 1 396 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  83 009 мың теңге;

         2) шығындар – 84 405 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2024 жылға арналған Күйгенкөл ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
  2. 2024 жылға арналған Күйгенкөл ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 28 830 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  4. Осы шешім  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                 Т.Кадимов

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023