Күйгенкөл ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы

 

Күйгенкөл ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық  даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына жәнеҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Күйгенкөл ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы есебі қаперге алынсын.
  2. Атқарылған істер мен тындырылған жұмыстармен қатар шешімін табуға тиісті мына мәселелерге назар аударылсын:

         - әлеуметтік-экономикалық өңірлік бағдарламаның  іске асырылуын қамтамасыз ету;

         - жұмыссыздықты азайту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдай отырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуын ерекше назарда ұстау;

         - ауылдық округ тұрғындарымен бау-бақша егу, үй құстарын асыраумен айналысуын ұйымдастыру;

        - өз ісімен айналысып, оны дамытуға мүдделі адамдардың мемлекеттік гранттарғабелсендіқатысу мүмкіндігін қарастыру;

         - «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобасы арқылы ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсату бағытында жұмыстану;

         - шаруа қожалықтарының сапа жағынан дамуына, атап айтқанда асыл тұқымды мал өсіртулеріне назар аудару.

 

 

      Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

 

Дата публикации
29 декабря 2023