2023-2027 жылға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған шараларының орындалу барысы туралы

2023-2027 жылға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған шараларының орындалу барысы туралы

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Н.З.Әбдірешевтің есебі қаперге алынсын.

           Атқарылған істер мен тындырылған жұмыстармен қатар шешімін табуға  тиісті мына мәселелерге назар аударылсын:

        - кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында осы бағыттағы сапалы өзгерістерге қол жеткізу, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жана жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін жана бизнес идеяларды іске асыру;

         - «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобасы арқылы ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске кеңінен тарту, азық-түлік қауіпсіздігі бағытында жұмыстану;

        - кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде Еңбек кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, атап айтқанда жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасу, зейнетақы және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мәселелерін назарда ұстау.

 

      Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023