Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 28 маусымдағы №33-7 «Ұлы Отан соғыс кезіндегі еңбек өтілін анықтау жөніндегі арнайы комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 28 маусымдағы №33-7 «Ұлы Отан соғыс кезіндегі еңбек өтілін анықтау жөніндегі арнайы комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 28 маусымдағы №33-7 «Ұлы Отан соғыс кезіндегі еңбек өтілін анықтау жөніндегі арнайы комиссияның құрамы туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

          комиссия құрамынан Молдағалиев Асхат Хамитұлы, Ахонов Арман Жардемғалиұлы шығарылсын;

          комиссия төрағасы болып аудан әкімінің орынбасары Бисенов Мирболат Бауыржанұлы, комиссия мүшесі болып аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары Орынғалиев Райымбек Абуұлы енгізілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                               Т.Кадимов

 

 

 

Дата публикации
04 декабря 2023