Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №27-1 «2023-2025жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 355264 мың теңге:
салықтық түсімдер – 868652 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 32 468 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 947 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 451 197 мың теңге;
2) шығындар – 6 603 158 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 19079 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 62 100 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 43 021 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -266 973 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –266 973 мың теңге:
қарыздар түсімі – 62 100 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 43 021 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 247 894 мың теңге.»;
6 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 168 324 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) – 10 261 мың теңге;»;
үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«санаторлы-курорттық емдеуге – 5 854 мың теңге;»;
төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар – 16 560 мың теңге;»;
сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Көлтабан ауылында кешенді-блок модуль орнатуға – 9 722 мың теңге;»;
тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Құрсай ауылында кешенді-блок модуль орнатуға – 9 722 мың теңге;»;
оныңшы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы, Ақоба ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолының 0-23 шақырымын күрделі жөндеуге – 1 376 826 мың теңге;»;
оң сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 26 278 мың теңге;»;
оң тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік кепілдендірілген әлеуметтік пакет – 4 288 мың теңге;»;
жиырмасыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«мүгедектегі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту, Spina bifida диагнозымен мүгедектігі бар балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 7 961 мың теңге;»;
жиырма екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«жалақыны ішінара субсидиялауға, жастар практикасына – 23 768 мың теңге;»;
жиырма үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«қоғамдық жұмыстарға – 48 615 мың теңге;»;
жиырма төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«алғашқы жұмыс орны және күміс жас – 10 484 мың теңге;»;
жиырма жетінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Еңбекші ауылының су құбырының құрылысына – 64 329 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Жәнібек ауданы Өнеге ауылында кешенді-блок модуль орнатуға – 9 946 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жәнібек ауданы Жұмаев ауылында кешенді-блок модуль орнатуға – 9 946 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар (Жәнібек аудандық маңызы бар автомобиль жолдары) - 17 969 мың теңге;»;
бесінші, алтыншы, жиырма бірінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші абзацтар алынып тасталсын.
келесі мазмұндағы жетінші тармақпен толықтырылсын:
«7. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 197 900 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
жетінші тармақ келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жәнібек ауданы Еңбекші ауылының су құбырының құрылысына – 101 900 мың теңге.»;
жетінші тармақ келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алуға – 96 000 мың теңге.»;
13 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«13. 2023 жылы аудандық бюджеттен төмен тұрған бюджетіне берілетін нысаналы трансферттердің көлемі 201 755 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:»;
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Тау ауылдық округіне – 10 711 мың теңге;»;
үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауылдық округіне – 75 632 мың теңге;»;
төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Борсы ауылдық округіне – 19 707 мың теңге;»;
бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақоба ауылдық округіне – 20 686 мың теңге;»;
алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Қамысты ауылдық округіне – 7 224 мың теңге;»;
жетінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұзынкөл ауылдық округіне – 22 993 мың теңге;»;
сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Күйгенкөл ауылдық округіне – 11 039 мың теңге;»;
тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Талов ауылдық округіне – 28 805 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«Жақсыбайауылдық округіне – 4 958 мың теңге.»;
14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. 2023 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 6 921 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|
|
Мәслихат төрағасы |
|
Т. Кадимов |