Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаты аумақтық жәнеучаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратындығын хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жеті адамнан құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар санына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен айқындалды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 9 қарашадан 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1)сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;
2)саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) жоғарғы тұрған сайлау комиссияларының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3)саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4)кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша жіберілген өтініш.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Жәнібек аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat
орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлғасайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттерінесәйкес келуі және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» жүйесі арқылы сайлау туралы заңынан тестілеуден өткендігі туралы сертификатының болуытиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматта болуы тиіс, қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалу күні, орындаушы туралы белгі қойылуы тиіс, аты-жөні мен оның телефонының нөмірі.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Жәнібек аудандық мәслихаты
Кадимов Тахир Зинурұлы Жәнібек аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: 090500 БҚО Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы А.Иманов кошесі, №71.
Жауапты тұлға – Уәлиева Назгүл Қабдрешқызы - аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 2 қабат №1 кабинет байланыс телефондары: 8(71135)21639, 8(71135)21440 қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі 8777861827, электрондық пошта мекенжайы - zhanybekmaslyhat@mail.ru. n.ualieva@bko.gov.kz
Жәнібек аудандық мәслихаты аудандық аумақтық және 19 учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлайды:
|
№ р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
|||
|
1. |
|
Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Мәжитов көшесі, 203, БҚО әкімдігі ветеринария басқармасының «Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы» мекемесінің ғимараты. |
7 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары – 19 |
|||
|
1. |
136 |
Жәнібек ауылы, Жеңіс көшесі 2, Т.Жароков атындағы ЖОББМ ғимараты. |
7 |
|
2. |
137 |
Жәнібек ауылы, Абай көшесі 1/Г, «М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі» МКҚК ғимараты. |
7 |
|
3. |
138 |
Жәнібек ауылы, Жәнекешев көшесі 72, №1 мектеп лицейі ғимараты. |
7 |
|
4. |
139 |
Жәнібек ауылы, Өтемісов көшесі 26. «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК ғимараты. |
7 |
|
5. |
140 |
Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі 65, А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп ғимараты. |
7 |
|
6. |
141 |
Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мектеп көшесі 19, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
7. |
142 |
Жәнібек ауданы, Еңбекші ауылы, Еңбекші көшесі 21, кітапхана ғимараты. |
5 |
|
8. |
143 |
Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, Абай көшесі 13, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
9. |
144 |
Жәнібек ауданы, Өнеге ауылы, Мектеп көшесі 29, бастауыш мектеп ғимараты. |
5 |
|
10. |
145 |
Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылы, Т.Жароков 28, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
11. |
146 |
Жәнібек ауданы, Құрсай ауылы, Б.Сыдыкова көшесі 12/3, бастауыш мектеп ғимараты. |
5 |
|
12. |
147 |
Жәнібек ауданы, Тау ауылы, Абай көшесі 8, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
13. |
148 |
Жәнібек ауданы, Жұмаев ауылы, Желтоқсан 5/1, бастауыш мектеп ғимараты. |
5 |
|
14. |
149 |
Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы, Тәуелсіздік 1, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
15. |
150 |
Жәнібек ауданы, Тегісшіл ауылы, Ғ.Қараш 12, ЖББ негізгі мектеп ғимараты. |
5 |
|
16. |
151 |
Жәнібек ауданы, Борсы ауылы, Маметова көшесі 7, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
17. |
152 |
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, Еңсеуов көшесі 27А, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
18. |
153 |
Талов ауылы, Гагарин көшесі 1, мәдениет үйі ғимараты. |
5 |
|
19. |
154 |
Майтүбек ауылы, Достық көшесі 16/2, медициналық пункт ғимараты. |
5 |
Жәнібек аудандық мәслихаты