Жәнібек аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің Жәнібек ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының жұмысы туралы есебі

Жәнібек аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің Жәнібек ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының жұмысы туралы есебі

 

23 қазан 2023 жыл                                №11-1

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің Жәнібек ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының есебі қаперге алынсын.
  2. Полиция бөліміне заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және олармен күрес жөніндегі жұмыстарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдау ұсынылсын:

      -қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында ауданда  жол қозғалысы ережелерін білмейтін скутер мінген және қараусыз жолда ойнайтын балалардың  ата-аналарына қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту;

     -полигоннан тыс жерлерге қоқыс тастаған аудан тұрғындарын анықтау және оларға тиісті шаралар қолдану.

 

 

Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

 

Дата публикации
08 ноября 2023