Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №27-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2023 жылғы 15 тамыздағы                            № 9-2

 

Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №27-1 «2023-2025  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №27-1 «2023–2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 350 710 мың теңге:

салықтық түсімдер – 872 722 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 26 981 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 364 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 446 643  мың теңге;

2) шығындар – 6 598 604 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 19 079 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 62 100 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 43 021 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -266 973 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        266 973 мың теңге:

          қарыздар түсімі – 62 100 мың теңге;

          қарыздарды өтеу – 43 021 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  - 247 894 мың теңге.»;

           6 - тармақта:             

           бірінші  абзац  жаңа редакцияда жазылсын:

         «6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 434 701 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

         оң жетінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылындағы Абдрахманов, Жұмаев, Жәнекешев, Иманов, Абдуллин-Мусин көшелері аралығы және Өтемісов көшесінен солтүстік айналма жолға дейінгі аралығы, Мәметова көшесінің Жеңіс көшесінен Жәнібек ауылының шығыс жақ бөлігіне дейінгі жалғасы, Шарафетдинов көшесінің Өтемісов-Халиуллин көшелері аралығында орналасқан бөлігіндегі көшелерді күрделі жөндеуге – 600 000 мың теңге;»;

         жиырмасыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «мүгедектегі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту, Spina bifida диагнозымен мүгедектігі бар балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 8 461 мың теңге;»;

         жиырма жетінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «Жәнібек ауданы Еңбекші ауылының су құбырының құрылысына – 135 146 мың теңге;»;

         жиырма тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «Жәнібек ауданы Талов, Борсы, Қамысты ауылдарын газбен қамту желілерінің құрылысы» нысанына жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 9 000 мың теңге;»;

         келесі мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:

         «Жәнібек ауданы «Талов-Малый Узень», «Жақсыбай Петропавловка», электр желілерінің құрылысы» нысанына жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 1 000 мың теңге.»;

          аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 октября 2023