Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №28-8 «2023 - 2025 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №28-8 «2023 - 2025  жылдарға арналған  Жәнібек ауданы Тау ауылдық

округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №28-8 «2023-2025 жылдарға арналған Тау ауылдық округінің бюджеті туралы шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2023-2023 жылдарға арналған Тау ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2 және 3 –қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 43 230 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 1 220 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  42 010 мың теңге;

         2) шығындар – 43 764 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;     

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -534 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
534 мың теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 534 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы  шешім  2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                                   Т.Кадимов

 

Дата публикации
02 октября 2023