Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №28-3 «2023-2025 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Жақсыбай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 45 960 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 880мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 44 080мың теңге;
2) шығындар – 45 994мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -34 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
34 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 34 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов