Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №28-1 «2023 - 2025 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

       

 

Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы

№28-1 «2023 - 2025  жылдарға арналған  Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық

округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №28-1 «2023-2025 жылдарға арналған Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

2023-2025 жылдарға арналған Ақоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2 және 3 –қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:      

1) кірістер – 53 191 мың теңге:

         салықтық түсімдер –  848 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –   52 343мың теңге;

         2) шығындар – 53 845 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -654 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
654 мың теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 654 мың теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 654 теңге.»;

          аталған шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.         

 

 

  1. Осы  шешім  2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Мәслихат төрағасы                                    Т.Кадимов

Дата публикации
02 октября 2023