Ұзынкөл ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы

Жәнібек ауылы     село Жанибек

 

 

Ұзынкөл ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық  даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына жәнеҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатыШЕШТІ:

  1. Ұзынкөл ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы есебіқаперге алынсын.
  2. Атқарылған істер мен тындырылған жұмыстармен қатар шешімін табуға тиісті мына мәселелерге назар аударылсын:

 - әлеуметтік-экономикалық өңірлік бағдарламаның  іске асырылуын қамтамасыз ету;

- жұмыссыздықты азайту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдай отырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуын ерекше назарда ұстау;

         - «Еділ» өзенінің суын пайдаланып, ауылдық округ тұрғындарыменбау-бақша егу, үй құстарын асыраумен айналысуын ұйымдастыру;

- өз ісімен айналысып, оны дамытуға мүдделі адамдардың мемлекеттік гранттарғабелсендіқатысу мүмкіндігін қарастыру;

         - «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобасы арқылы ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсату бағытында жұмыстану;

         - шаруа қожалықтарының сапа жағынан дамуына, атап айтқанда асыл тұқымды мал өсіртулеріне назар аудару.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                   Т. Кадимов

 

Дата публикации
15 сентября 2023