Жәнібек ауданы Жанибекский район
Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №27-1
«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 999 495мың теңге:
салықтық түсімдер – 872 722 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 26 981 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 364 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 095 428 мың теңге;
2) шығындар – 6 247 389 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 19079 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 62 100 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 43 021 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -266 973 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –266 973 мың теңге:
қарыздар түсімі – 62 100 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 43 021 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 247 894 мың теңге.»;
5 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттін жалпы сомасы 62 100 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;
үшінші, төртінші абзацтар алынып тасталсын;
6 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 010 455 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) – 9 210 мың теңге;»;
үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«санаторлы-курорттық емдеуге – 6 741 мың теңге;»;
төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар – 38 640мың теңге;»;
оң біріншіабзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы «Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен» автомобиль жолының 33-48 шақырымын орташа жөндеуге – 380 499мың теңге;»;
оң екіншіабзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен 27-33 (6 шақырым) автожолын орташа жөндеуге – 137 190мың теңге;»;
оң төртіншіабзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен автожолының 92-128 шақырымын күрделі жөндеу (36 шақырым)» жобасына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге – 1 687мың теңге;»;
оң алтыншыабзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Мажитов және Абдрахманов көшелерінің көлік жолдарын күрделі жөндеуге – 97 105 мың теңге;»;
оң сегізінші, оң тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтар алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 60 778 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік кепілдендірілген әлеуметтік пакет – 11 269 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы жиырма төртіншіабзацпен толықтырылсын:
«мүгедектегі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту, Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 8 461 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы жиырма бесіншіабзацпен толықтырылсын:
«мүгедектегі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 1 035 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы жиырма алтыншыабзацпен толықтырылсын:
«жалақыны ішінара субсидиялауға, жастар практикасына – 133 046 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы жиырма жетіншіабзацпен толықтырылсын:
«қоғамдық жұмыстарға – 99 360 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы жиырма сегізіншіабзацпен толықтырылсын:
«алғашқы жұмыс орны және күміс жас – 36 329 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы жиырма тоғызыншыабзацпен толықтырылсын:
«мүгедектігі бар адамдарға арналған жалақыны ішінара субсидиялау – 435 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы отызыншыабзацпен толықтырылсын:
«біліктілік жүйесін дамытуға – 104 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы отыз біріншіабзацпен толықтырылсын:
«Жәнібек ауданы Еңбекші ауылының су құбырының құрылысына – 101 900 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшеге автокөлік жолдарының құрылысына – 201 754 мың теңге;»;
келесі мазмұндағы отыз үшіншіабзацпен толықтырылсын:
«Жәнібек ауданы Талов, Борсы, Қамысты ауылдарын газбен қамту желілерінің құрылысы» нысанына жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 10 000мың теңге.»;
жетінші тармақ алынып тасталсын;
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|
|
Мәслихат төрағасы |
|
Т. Кадимов |