Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-3
«2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №116338 тіркелген) қаулысына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-3 «2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1.«2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін:».
аталған шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов