«Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімге қоса беріліп отырған «Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

2. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі №3-10 «Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

           Мәслихат төрағасы                                            Т. Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 октября 2026