Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №43-4 «2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2025  жылғы 26 желтоқсандағы №43-4
«2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 
          Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы   №43-4 «2026–2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне  келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. 2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 179 246 мың теңге:
салықтық түсімдер – 171 258 мың теңге;
салық емес түсімдер – 388 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 600 мың теңге;
2) шығындар – 209 139 мың теңге;   
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге; 
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -29 893 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 
29 893 мың теңге:
  қарыздар түсімі – 0 теңге;
  қарыздарды өтеу – 0 теңге; 
  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 29 893 мың теңге.
          аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы  шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Мәслихат төрағасы                               Т.Кадимов

 

Дата публикации
01 октября 2026