Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2
«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесіредакцияда жазылсын:
«2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 612 341 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 171 288 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 25 889 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 414 164 мың теңге;
2) шығындар – 7 021 081 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 13 789 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 71 363 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 57 574 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 422 529 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 422 529 мың теңге:
қарыздар түсімі – 3 715 762 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 390 560 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 97 327 мың теңге
9 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2026 жылға арналған аудандық бюджетке төмен тұрған Жәнібек ауылдық округі бюджетінен 86 000 мың теңге бюджеттік алымдар белгіленсін.».
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов