Аудан әкімінің өзіне жүктелген
функциялар мен міндеттердің
орындалуы туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы №19 Жарлығы негізінде және аудан әкімі Т.С.Шиниязовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап және талқылап, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
1. Аудан әкімі Т.С. Шиниязовтың «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі қаперге алынсын.
2. Аудан әкімі Т.С. Шиниязовқа ұсынылсын:
- бюджет қаражатын соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
- қызмет тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылдау;
- алдағы кезеңде жоспарланған жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын бақылауда ұстау;
- аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, тұрғындардың көтеретін мәселелерді қарауды және уақтылы шешуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов