Жәнібек аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 желтоқсандағы №43-5 «2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 желтоқсандағы №43-5 «2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

          Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №43-5 «2026 – 2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне  келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 43 837 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 9 636 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 70 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  34 131 мың теңге;

         2) шығындар – 48 060 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;      

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 223 мың теңге;

         6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–

4 223 мың теңге;

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 223 мың теңге.»;   

          аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                          Т.Кадимов

 

Дата публикации
01 июля 2026