Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2 «2026-2028  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы       №42-2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

          1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 3 612 341 мың теңге:

          салықтық түсімдер – 2 257 288 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 25 889 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 1 328 164 мың теңге;

          2) шығындар – 7 021 081 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 13 789 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер – 71 363 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 57 574 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

          қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 422 529 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –       3 422 529 мың теңге:

         қарыздар түсімі – 3 715 762 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 390 560 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 97 327 мың теңге.»;

          5 - тармақта:             

          бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «5. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен жалпы сомасы 4 672 310 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

          екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 14 647 мың теңге;

          үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 1 878 мың теңге;»;

          алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 914 008 мың теңге;»;

          жетінші абзац алынып тасталсын:

          келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

          «БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен облыстық жолының 92-128 (36) автомобиль жолын күрделі жөндеу - 621 429 мың теңге;»;

          келесі мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

 «әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру - 5 000 мың теңге;»;

          келесі мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

 «қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру -  1 080 мың теңге;»;

          келесі мазмұндағы оң бірінші абзацпен толықтырылсын:

«қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру - 125 мың теңге;»;

          келесі мазмұндағы оң екінші абзацпен толықтырылсын:

«қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру - 762 мың теңге;»;

          келесі мазмұндағы оң үшінші абзацпен толықтырылсын:

«қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау - 438 мың теңге;»;

          келесі мазмұндағы оң төртінші абзацпен толықтырылсын:

«БҚО Жәнібек ауданы Талов, Борсы, Қамысты ауылдарының газбен жабдықтау желілерін салу - 1 437 328 мың теңге;»;

          келесі мазмұндағы оң бесінші абзацпен толықтырылсын:

«БҚО, Жәнібек ауданы, Өнеге ауылында газ-поршеньді станцияны газбен жабдықтау және электрмен жабдықтау құрылысы - 1 513 371 мың теңге.».

          6 - тармақта:             

          бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

       «6. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке қайтарылатын 468 350 мың теңге түсімдер ескерілсін:»;

          екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «бюджеттік кредиттерді өтеу – 390 560 мың теңге;»;

          үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар – 77 790 мың теңге.».

           аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1.   Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2026