2026 жылы аудан бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

2026 жылы аудан бойынша балалардың

жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

          Лагерь балалардың денсаулығын жақсарту, сауықтыру мәселесі, ой-өрісін дамытып, ойлау қабілеттерін арттыру, гигиеналық және дене мәдениетін сақтау,  медициналық сақтандыру, спорттық, білім беру, мәдени-демалу қызмет көрсету, күш-қуатын жақсартып, шығармашылықпен жұмыс атқару, азаматтық тәрбие, адамгершілікке, отаншылдыққа баулу, экологияны сақтауға балаларды тәрбиелеу бағдарламасын іске асыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылады. «Балдаурен» лагері ғимаратының негізінен орналасқан жері, материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай келмейді. Бұл жағдайлар балалардың жазғы демалысының сапасына әсер етеді.

  1. Аудандық білім беру бөлімінің баяндамасы каперге алынсын.
  2. Білім беру бөлімінің басшысы (А.Мулдагалиевке) балалар демалыстарының әсерлі өтуіне, сауықтырылуы және демалуына қолайлы жағдай жасау бойынша:
  • Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуын басты назарда ұстау;
  • балаларға арналған жазғы демалыс орталығының материалдық-техникалық базасын жаңартуды, күнделікті балалардың бос уақыттарының тиімді пайдалану, қызықты өткізу шараларын күшейтумен қоса, жоспарларын тиімді жүзеге асыру және толық бақылауға алу;
  • Республикалық, облыстық лагерлерге іріктеу жұмыстарын бақылауға алу;
  • балалардың толыққанды демалысын қамтамасыз ету үшін ауыл сыртында табиғатта туристік шатырлық лагерін ұйымдастыру;
  • жазғы демалыс объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмысын жандандыру тапсырылсын.
  1. Жергілікті атқарушы органға:
  • болашақта балалардың денсаулығын жақсартуға, сауықтыру мәселесін іске асыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында табиғатқа жақын,суы бар маңайдан лагерь салу үшін дамыған жер учаскелерін қарастыру ұсынылады.

          Депутаттар тарапынан айтылған ұсыныс-ескертпелер мүдделі мемлекеттік органдарға жеткізу ұсынылсын.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                        Т.Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 июня 2026