Жәнібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, уттилизациялау және ассенизация алаңдарын жасау жұмыстарының іске асырылу барысы туралы

Жәнібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, уттилизациялау және ассенизация алаңдарын жасау жұмыстарының іске асырылу барысы туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының есебін тыңдап және талқылай отырып Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, уттилизациялау және ассенизация алаңдарын жасау жұмыстарының іске асырылу барысы туралы есептер назарға алынсын.
  2. Атқарылған жұмыстармен қатар шешімін табуға тиісті мына мәселелерге назар аударылсын:

         ауыл сыртындағы қатты қалдықтар төгілетін полигонның кәзіргі жағдайын анықтап, тазарту және  ретке келтіру жұмыстары жалғастырылсын;

2026 жылы ауылдық округтердің полигондарына экологиялық рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары атқарылсын.

  1. Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары (М.Бисенов) ауылдық округ әкімдеріне ауылдық округтердегі күл-қоқыс шығаратын орындардың маңынан 2-3 гектар жерлерді ассенизация алаңдарына рәсімдеу жұмыстары тапсырылып, бақылауға алынсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияна (Б.Куаналиев) жүктелсін.

 

 

   Мәслихат төрағасы                                              Т. Кадимов

Дата публикации
10 июня 2026