Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13-13 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Жәнібек ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі №4 шешіміне сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Комиссия құрамына Суйлеменова Мейрамгүл Наурызәліқызы - мансап орталығының атаулы әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту бойынша бөлімшесінің әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, комиссия мүшесі (келісім бойынша) және Меңжанова Жасмина Болатқызы - аудандық орталық ауруханасының балалар фтизиатор медбикесі, комиссия мүшесі (келісім бойынша) енгізілсін;
комиссия құрамынан Джуманиязов Қайырбек Нұрхатұлы, Қайрлиева Айнаш Бейбітқызы шығарылсын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов