Хаби Мейіржан Халиханұлы 1972 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
Алғашқы еңбек жолын 1988жылы Свердлов совхозында жұмысшы болып бастаған. 1990-1992 жж. Отан алдындағы әскери борышын өтеген.
1992 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетіне«зоотехния» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1997 жылы «зооинженер» біліктілігі бойынша тәмәмдаған.2013 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
1997-1998 жж. «Орал Энерго» АҚ электр энергетикасын сату және тасымалдау оң жағалау филиалының Жәнібек аудандық электр торабының электромонтеры.
1998-2000 жж. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының «Орал Энерго» АҚ Жәнібек аудандық электр торабының электромонтеры.
2000-2003 жж. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының «Орал Энерго» АҚ Жәнібек аудандық электр торабының мастері.
2003-2009 жж. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бас инженері.
2009 жылы «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабы бастығының міндетін атқарушы.
2009-2010 жж. «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бас инженері.
2010 жылғы сәуір айынан бастап «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның Жәнібек аудандық электр торабының бастығықызметін атқарып келеді.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Жанұялы. 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.