GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Мәслихат аппараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
01 октября 2026
1 қазан халықаралық қарттар күні

Құрметті ардагерлер, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер!
Сіздерді 1 қазан – Қариялар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді дана халқымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – кейінгі ұрпаққа берер үлкен өнеге.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ел-жұрттың құрметіне бөленіп, аман-есен жүре беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Жаңақала аудандық мәслихатының төрағасы
Қ. Сүлейменұлы

Сайлау комиссиясы
Сайлау
01 октября 2026
Жаңақала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы хабарламасы

Жаңақала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы

бос орындар туралы хабарламасы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты төменде көрсетілген сайлау комиссияларында бос орындар бары туралы хабарлайды:

 

  1. №113 Мектеп учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  2. №121 Жаңақазан учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын;
  3. №129 Қызылоба учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын.

 

Саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан құрылатын сайлау комиссияларына қатысты ұсыныстарды аудандық мәслихат 2026 жылғы 2 қазаннан бастап 2026 жылғы 17 қазанға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, жұмыс уақытында мына мекенжай бойынша қабылдайды: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі 44 үй, 2 қабат, 206 кабинет.

Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппараты, байланыс телефоны 21-7-68.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

 

Жаңақала аудандық мәслихаты

29 сентября 2026
Ауыл тұрғындарын жеке қабылдау

Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылының тұрғындарының НАЗАРЫНА!
Аудандық мәслихат депутаты Жағыпаров Дәурен Ерланұлы Жаңажол ауылының тұрғындарын жеке қабылдайды.
Жеке қабылдау бөлмесінің мекен жайы:
БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылдық мәдениет үйі
Анықтама үшін телефон нөмірлері:
8 (71141) 21-8-50, +7 771 866 52 94

Мәслихат сессиялары
28 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41-сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы м.у.а. А.Тасановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41-сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. С.Мендешев және Пятимар ауылдық округтерінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Есеп барысында ауылшаруашылығы, инвестиция, абаттандыру, "Ауыл аманаты" бағдарламасының жүзеге асырылуы және электр бағаналарын жаңарту жұмыстары айтылды. Сонымен қатар мәслихат аппаратының Ережесін бекіту туралы және аудандық мәслихат депутаты Б.Есенғалиеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелері қаралды. 
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Тұрақты комиссиялар
28 сентября 2026
Тұрақты комиссия отырысы өтті

Бүгін А.Бақиевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар ісі және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты. 
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Жарасов және мансап орталығының басшысы А.Уразалиев 2026 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Д.Жарасов өз баяндамасында аудандық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік көмекке мұқтаж 1246 адамға 76 754,0 мың теңге және мүгедектігі бар үйде оқитын 13 балаға 1384,0 мың теңге әлеуметтік төлем жасалғанын атап өтті. Ауданда көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, инватакси қызметі, халықты жұмыспен қамту, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығының қызметі бойынша 8 айда атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. 
Аудандық Мансап орталығының басшысы өз баяндамасында бүгінгі күні жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны 637 адамды құрайтынын атап өтті. Орталық тарапынан Орал қаласындағы бірнеше оқу орындарына аспазшы, кондитер, слесарь т.б. мамандықтарын игеруге қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл басынан бері жастар практикасы бойынша 35 түлек жұмысқа орналасып, жоспар 100 пайызға орындалғанын жеткізді.
Сондай-ақ, «Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы аппарат басшысы А.Шайхиев хабарлама жасады. Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, мәслихат сессиясының қарауына  үсынылды.

24 сентября 2026
25 қыркүйек-Жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақын туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

24 сентября 2026
Жаңақала аудандық мәслихат депутаты С.Сертековтың жеке қабылдауы өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәслихатының депутаты С.Сертеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, ауыл тұрғыны Бақтығұлова Раушан жұмыспен қамту мәселесі бойынша көмек сұрап, сонымен қатар көпбалалы отбасы ретінде тұрып жатқан үйінің апатты жағдайда екенін айтып, баспана мәселесін шешуге жәрдемдесуді өтінді.
Сонымен қатар, депутат 8 Наурыз көшесі тұрғындарының бір топ өкілдерін қабылдады. Тұрғындар көшеде автомобиль жолының жоқтығынан туындайтын қиындықтарды жеткізіп, аталған мәселені шешуге ықпал етуді сұрады.
Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер депутаттың жеке бақылауына алынып, азаматтардың өтініштерін шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

24 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 - сессиясын шақыру туралы

                Аудандық мәслихат төрағасының шешімі

 

 

     Жаңақала ауылы                               № 41                    24қыркүйек 2026 жыл

 

         

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 - сессиясын шақырутуралы

 

         Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 - бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

          Аудандық мәслихаттың кезектен тыс  41 - сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 11.00-де шақырылсын.

 

          Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:

 

·        С.Мендешев ауылдық округі әкімінің 2026 жылы I жартыжылдықта атқарылған жұмысы туралы есебі;

 

·       Басқа да мәселелер.

 

 

          Мәслихат төрағасы м.у.а.                                                         АТасанов

 

 

23 сентября 2026
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. 
Халық Кеңесі - Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның негізгі міндеті - мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу және жалпыұлттық диалогты ұйымдастыру. Кеңес Құрылтайға заң жобаларын ұсынуға және республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы. 
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сарапшылар ортасы мен азаматтық қоғам ұйымдарының бас қосатын бірегей жалпыұлттық байланыс алаңы болуы тиіс екенін атап өткен еді.
Батыс Қазақстан облысынан Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына 2 азамат енді. Олар:
Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәслихаттар қызметінің жетілдірілуіне зор үлес қосып келе жатқан тәжірибелі басшы.
Қоспаева Шолпан Насиболлақызы – Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Кәсіпкер, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Облысымызда қоғам игілігі жолындағы белсенді қызмет жаршысы.
Облысымыздың атынан еліміздің ең жоғары консультативтік органына сайланған жерлестерімізге артылған сенім – өңіріміз үшін үлкен мәртебе. 
Жаңақала аудандық мәслихаты бұл тарихи шешімді толық қолдайды және Халық Кеңесінің еліміздің бірлігі мен дамуына бағытталған жұмысына сәттілік тілейді.

21 сентября 2026
Ауыл тұрғындарын жеке қабылдау

Жаңақала ауданы тұрғындарының НАЗАРЫНА! Аудандық мәслихат депутаты Сертеков Саламат Серікұлы ауыл тұрғындарын жеке қабылдайды. Жеке қабылдау бөлмесінің мекен жайы: БҚО, Жаңақала ауданы, "Әділет" партиясы Жаңақала аудандық филиалы. Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 (71141)-21-8-50, +7 771 866 52 94

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы