Меню

Страницы

Статья

Жаңақала аудандық мәслихатының VI-ші шақырылымдағы депутаттарының тізімі

 

1966 жылы 1 қаңтар күні Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

Ешимов Қанат Мұқтарұлы 1982 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетіне оқуға түседі.

1984 жылы мамыр айынан 1986 жылдың мамыр айына дейін әскери міндетін өтеді. 1987 жылы институттағы оқуын жалғастырып, оны 1989 жылы бітіріп, ғалым-агроном мамандығын алды.

Еңбек жолын Казталов ауданының Қошанкөл қой совхозында бөлімше агрономы болып бастап, кейін сол шаруашылықта бас агроном болып қызмет атқарды.

1992 жылы наурыз айында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бұйрығымен Жаңақала аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас агрономы болып қызметке тағайындалып, сол жылы маусым айында «Бірлік асыл тұқымды мал зауытына» бас агроном болып ауысты.

1998 жылы тамыз айында «Бірлік» АҚ жалпы жиналысының шешімімен президент болып сайланады. 2001 жылдан бері «Бірлік» АҚ президенті, кейін 2006 жылдан «Бірлік мал зауыты» ЖШС директоры болып қызмет атқарады.

2004 жылы облыс әкімінің Алғысхатымен марапатталды, 2008 жылы «10 жыл - Астана» медалімен, 2009 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Аудандық мәслихаттың II, III, V, VI шақырылымдарының депутаты және облыстық мәслихаттың депутаты болды.

Отбасылы, бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған жарасымды жанұя.

1964 жылы 29 қараша күні Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасы.

1982 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы Айдархан орта мектебін бітірген. 1982-1987 жылдары Орал қаласы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының ұлттық мектепті орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, 1987 жылы еңбек жолын Айдархан орта мектебінде бастаған.

1989-1992 жылдары мектеп директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1992-1997 жылдары Айдархан орта мектебінің директоры қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2014 жылдан пән мұғалімі. Аудандық мәслихаттың I, VI шақырылымдарының депутаты болған.

1969 жылы 3 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

            1984-1988 жылы Орал педагогикалық училищесін мектепке дейінгі тәрбие беру мамандығы бойынша бітіріп, 2001-2005 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне бастауыш сыныптардың педагогикалық және оқыту әдістемесі мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, жоғары білім алған.

            Еңбек жолын 1988 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылының №1 «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші болып бастаған.

1991 жылы отбасын құрған. Екі ұлы бар.

            1995 жылдан 2023 жылға дейін Жаңақазан ауылдық №1 «Айгөлек» балабақша меңгерушісі қызметін атқарған. Қазіргі таңда Жаңақала ауылының Балбөбек балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

1968 жылы 5 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген.

1975-1983 жылдары Ә.Жангелдин атындағы сегіз жылдық мектепті бітіріп, 1985 жылы ДОССАФ жанынан автокөлік жүргізуші мамандығын алған.

1986-1988 жылдары әскери міндетін өтеді.

1989 жылы Жаңақалада, алдымен, аң шаруашылығы мекемесінде кейін мал сою, ет дайындау комбинатында жұмыс жасады. Пятимар ауылында құрылысшы болып еңбек етті.

2006-2010 жылдары Ә.Жангелдин негізгі мектебінде аға оператор болып қызмет істеді.

2014 жылдан бастап Мұқыр ауылында электрик болып ауылдастарына қызмет атқарды.Отбасылы, жанұясында жолдасы, 2 ұлы бар.

1957 жылы 23 шілдеде Жаңақала ауданы, Сарыкөл ауылдық Кеңесіне қарасты Мұқыр елді-мекенінде дүниеге келген. Ақын-журналист. 1988 жылы Орал педагогикалық институтын, 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. 1977-1989 жылдары аудандық «Жаңарған өңір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1991-1992 жылдары облыстық «Орал өңірі» газетінің меншікті тілшісі, 1992-1993 жылдары аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы, 1993-2001 жылдары аудан әкімі аппараты ішкі саясат, ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2001-2012 жылдары Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2020 жылдары аралығында аудандық мәслихаттың V, VI шақырылымының мәслихат хатшысы қызметін атқарды. «Әнім сенсің, Жаңақала», «Ақ Жайық - ару мекенім», «Ақ тілек», «Жылдар-ойлар», «Жырлайды жүрек», «Қарашада қалған мұң», «Шындық шырайы» «Өткен күнде белгі бар», «Сөйлейді, уақыт!», «Жұмақ мекен – Жаңақала» атты кітаптарының авторы. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10, 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының Қадыр Мырза Әлі атындағы медальдарымен, «Нұр Отан» партиясының, «Батыс Қазақстан облыстық тексеру комиссиясына 5 жыл», «Үздік мәслихат хатшысы - 2018» төсбелгілермен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен және басқа да көптеген грамота, дипломдармен марапатталған.

1967 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ұлты – татар.

1973-1983 жылы Жаңақазан ауылындағы М.Жүнісов атындағы орта мектепті бітірген.

1983-1985 жылдары Ақтөбе педагогикалық училищесіне түсіп «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша оқып, аяқтаған.

1985-1986 жылдары Ю.Гагарин бастауыш мектебінде аға пионер вожатый, 1986-1990 жылдары «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші, меңгеруші болып жұмыс істеген.

1990-1997 жылдары Жаңақала ауылында «ЮгТрансГаз» мекемесінің «Солнышко» балабақшасында әдіскер, тәрбиеші болып қызмет атқарды.

2011-2013 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын оқып бітірген.

2002-2012 жылдары №3 «Бөбек» балабақшасында тәрбиеші, әдіскер жұмыстарын атқарды.

2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы меңгерушісі қызметін атқарып келді. 2022 жылдан бастап «Жауқазын» балабақшасы меңгерушісі қызметін атқарады. Жанұялы, 4 ұл тәрбиелеп отыр. 

1961 жылы 28 мамыр күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында дүниеге келген.

1978 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданындағы Казталовка орта мектебін бітірген.

1978-1979 жылдары Казталовка ауданындағы «Казсельхозтехника» кәсіпорындарында құрылысшы болып еңбек жолын бастаған. 1979-1984 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтында білім алып, инженер-педагог мамандығын игерген.

1984-1986 жылдары БҚО, Жаңақала ауданындағы №8 Кәсіптік техникалық училищесінің арнаулы пәндер оқытушысы, 1986-1987 жылдары БҚО, Казталовка ауданындағы ДОСААФ мектебінде арнаулы пән оқытушысы, 1987-1993 жылдары БҚО Жаңақала ауданындағы №8 кәсіптік-техникалық училищесінде директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1993-2000 жылдары БҚО Қаржы бақылау басқармасының Жаңақала ауданы бойынша аға тергеуші, бақылаушы, бас тергеуші-бақылаушы, Жаңақала аудандық Қазынашылық бөлімшесінің тергеуші-бақылаушысы қызметінде болған. 2000-2001 жылдары АШМ Жаңақала аудандық-аумақтық Басқармасының техника бақылау жөніндегі жетекші маманы, 2001-2006 жылдары «Орталық Интергаз Азия» АҚ Жаңақала желілік басқармасында жұмыс істеген.

2006-2009 жылдары №8 кәсіптік лицей директорының өндірістік-оқу жөніндегі орынбасары, 2009 жылдан №8 кәсіптік лицей директоры болып қызмет атқарып келеді.

Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім беру басқармасының Алғысхаттарымен марапатталған. Аудандық мәслихаттың V, VI, VII шақырылымдарының депутаты болған. 2022 жылдың 28 наурыз айынан 2022 жылдың 19 қантар айына дейін VII шақырылымының мәслихат хатшысы қызметін атқарды.

1968 жылы 18 наурыз айында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылында дүниеге келген.  Ұлты-қазақ. Білімі - жоғары. 2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университетінің «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылдық округіндегі  «Хафиз» шаруа қожалығының жетекшісі. Жеке кәсіпкер.

Аудандық мәслихаттың V, VI, VII  шақырылымдарының депутаты болған.

1968 жылы 20 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келді. Ұлты –қазақ. Білімі – арнаулы орта.

1986 жылдың сәуір айында Өзбекстанның Самарқанд қаласына әскер қатарына алынып, 6 айдан кейін Ауғанстанда 1 жыл 6 ай әскери борышын өтеді. Ауған соғысының ардагері.

1988 жылы Мастексай совхозында құрылыс бөліміне орналасып, еңбек жолын бастады.

1997 – 2001 жылдары аралығында «Игілік» шаруа қожалығында еңбек етті.

2003 жылы кәсіпкерлікпен айналысты.

2008 жылы «Ибрашев Е.Ж» шаруа қожалығын құрды.

Отбасылы, жанұясында жолдасы, бір қызы, бес ұлы бар.

1966 жылдың 8 қазанында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

Алматы теміржол институтының теміржолшы мамандығын, еңбек және әлеуметтік қатынастар Қазақ академиясында оқып, заңгер мамандығын игерген.

1991-1994 жылдары Жаңақала ауданының лимонад цехының меңгерушісі болып жұмыс жасады.

1994-1996 жылдары Жаңақала РГ ПТС техникалық қауіпсіздік инженері, 1997 жылдың қаңтар және мамыр айлары аралығында Жаңақала аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің механигі болып еңбек етті.

1997-2011 жылдары Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері.

2012 жылдан бері «Ғабды-Ғали» шаруа қожалығын басқарып келеді. Аудандық мәслихаттың VI, VII  шақырылымдарының депутаты болған.

Отбасылы, отбасында жолдасы, бір ұлы, бір қызы бар.

1991 жылы 1 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

1998-2009 жылдары Пятимар орта жалпы білім беретін мектебін тамамдаған.

2009-2011 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде оқыған.

2011-2014 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде оқыған.

2014-2015 жылдары Жаңақала колледжінде арнаулы пән оқытушысы қызметін атқарған.

2015-2016 жылдары «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып жұмыс жасаған.

2016-2019 жылдары Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурсының басшысы, 2019-2023 жылдары аралығында Жаңақала ауданы Пятимар ауылының әкімі болып қызмет атқарған.

1958 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған.

            Кеңестер Одағы Қарулы күштері қатарында азаматтық борышын өтегеннен кейін. Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының география-биология факультетін оқып бітірді.

            1986 жылы Кармановка орта мектебінде мұғалім, 1988 жылы Аққұс орталау мектебінде мектеп директоры, 1991-2003 жылдары Пятимар орта жалпы білім беретін мектебінде директор болып жұмыс жасады.

            2003-2012 жылдары Жаңақала аудандық мәслихат хатшысының лауазымдық міндетін атқарды.

            2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін «Аманат» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

            Аудандық мәслихаттың III, IV шақырылымының мәслихат хатшысы қызметін атқарып, аудандық мәслихаттың V, VI  шақырылымдарының депутаты болған.

            Отбасылы, жанұясында жолдасы, бір қызы, екі ұлы бар.

Дата публикации
26 февраля 2024
Дата обновления
26 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

05 марта 2025
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің тізімі
26 февраля 2024
Жаңақала аудандық мәслихатының VI-ші шақырылымдағы депутаттарының тізімі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы