2026-2028 жылдарға арналған Жаңақала ауданы С.Мендешев ауылдық округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған С.Мендешев ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 47 807 мың теңге: салықтық түсімдер – 9 339 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0 теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; трансферттер түсімі – 38 468 мың теңге;
2) шығындар – 47 807 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге: бюджеттік кредиттер – 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге: қарыздар түсімі – 0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
2. 2026 жылға арналған С.Мендешев ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Жаңақала аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
3. 2026 жылға арналған С.Мендешев ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 22 468 мың теңге, трансферттердің жалпы сомасы 16 000 мың теңге көлемінде ескерілсін.
4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
5. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.