2026-2028 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған Жаңақала ауылдық округінің бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 231 335 мың теңге: салықтық түсімдер – 212 982 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 465 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 888 теңге; трансферттер түсімі – 0 теңге;
2) шығындар – 231 335 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге: бюджеттік кредиттер – 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге: қарыздар түсімі – 0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
2. 2026 жылға арналған Жаңақала ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Жаңақала аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
3. 2026 жылға арналған Жаңақала ауылдық округінің бюджеттен жалпы сомасы 131 779 мың теңге бюджеттік алып қою болып белгіленсін.
4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
5. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.