2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2026-2028 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 155 330  мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 216 137  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 25 000 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 904 193 мың теңге;              

2) шығындар – 2 869 913 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 69  457 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 168 675 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 99 218 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 215 960 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  -215 960  мың теңге:

қарыздар түсімі – 168 675 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 384 635 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
  2. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2026 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) Жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% көлемінде есепке алынады;

2) Әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% көлемінде есепке алынады.

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетке аудан маңызы бар қала,ауыл,кент,ауылдық округ бюджеттен жалпы сомасы 131 779 мың теңге бюджеттік алып қою болып белгіленсін, соның ішінде:

Жаңақала ауылдық округі– 131 799,0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 212 706,0 мың теңге болып белгіленсін,оның ішінде:

Жаңақазан ауылдық округі– 27 539,0 мың теңге;

Жаңажол ауылдық округі– 28 104,0 мың теңге;

Мастексай ауылдық округі– 28 622,0 мың теңге;

Копжасар ауылдық округі– 26 722,0 мың теңге;

С.Мендешев ауылдық округі– 22 468,0 мың теңге;

Қызылоба ауылдық округі– 23 581,0 мың теңге;

Пятимар ауылдық округі– 35 761,0 мың теңге;

Бірлік ауылдық округі    – 19 909,0 мың теңге;

  1. 2026 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 78 384 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

8.  Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
05 января 2026