Жаңақала аудандық ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСінің 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Аудандық қоғамдық кеңестің басты мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын арттыру, қабылданатын шешімдердің сапасын көтеру және тұрғындардың пікірін билікке жеткізу. Осы бағытта бірқатар жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы 2025 жылдың 19 ақпанында құрылды.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңесінің 11 мүшесі бар, оның ішінде екі мемлекеттік қызметкер, төртеуі бюджеттік сала қызметкері, үшеуі үкіметтік емес ұйымнан, бір жеке кәсіпкер, бір зейнеткер.
Аудандық Қоғамдық Кеңеске 2025 жылдың қаңтарынан бастап 68 кіріс, 177 шығыс құжаттары тіркелді.
Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңестің ағымдағы жыл басынан 15 отырысы өткізіліп, 51 мәселе қаралып, оның ішінде нормативтік-құқықтық актілерге 19 ұсыным берілді. Сонымен қатар, Бірлік және Мәстексай ауылдарында қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстары өткізілді.
Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер жасалып, тиісті уәкілетті органдарға уақытында жолданып келеді:
Білім беру және жастар мәселелері
Қоғамдық кеңес қараған мәселелер бойынша тиісті уәкілетті органдарға уақытында ұсыныстар беріліп келеді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына №3 мектепте оқуыша санының көптігіне байланысты, кейбір оқушылар үш ауысымда білім алуға мәжбүр екендігі көрсетіліп, жаңа мектеп салу туралы жеткізілді. Бұдан бөлек жазғы демалыс уақытында жастарды жұмыспен қамту мақсатында Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасына «Жасыл ел» жобасы бойынша 100 сарбаздан 57 сарбазға дейін қысқартылған себебін анықтап, оң шешім шешім қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді.
Қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігі және көлік мәселелері
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментіне тас жол бойындағы бағымсыз жүрген мал бойынша, аудан тұрғындары мотоциклдарын тіркету үшін облыс орталығына баруға мәжбүр болуы қолайсыздық тудырып отырғаны көтерілді. Жаңақазан және Бірлік ауылдық округтеріне қызметтік автокөлік беру туралы хат жолданып, нәтижесінде БҚО ПД тарапынан екі қызметтік автокөлік берілді.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ауылдық округ тұрғындарына Орал қаласына қатынауға қолжетімді бағада көлік қатынасын ұйымдастыру бағытында ұсыныс жолданды.
Әлеуметтік-экономикалық және жер қатынастары мәселелері
Батыс Қазақстан облысының әкіміне, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған тұлғаларды жұмысқа негізсіз қабылдамау фактілерін болдырмау мақсатында бақылау күшейтіліп, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қолдану туралы, жер қатынастары басқармасына аудан бойынша бизнес жоспар негізінде жер алып, алайда жоспарды орындамай отырған бірқатар шаруа қожалықтарына шара қолдану, С.Мендешев ауылдық округінің тұрғындарының малдарына жайылымдық жердің жоқтығы туралы, Батыс Қазақстан облысының мәслихатына, Қоғамдық кеңесіне, қаржы басқармасына Бірлік ауылдық округінің ауылішілік 4 көшесіне асфальт жабындысын төсеу бойынша жобаны қаржылай қолдау туралы тағы да басқа хаттар жолданды.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес төрағасы ретінде де өз құзыреті шегінде, тұрғындар көтерген мәселелер мен кеңес жұмысында анықталған түйткілдер бойынша жеке хаттар да жолданып келеді.
Аудандық Қоғамдық кеңес өз құзыреті шегінде қоғам мен тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді қарастырып, оларды шешу мақсатында тиісті мемлекеттік мекемелерге ресми хаттар жолдайды. Соның ішінде, жайылымдық жер мәселесі, жол инфрақұрылымының сапасына қатысты, әлеуметтік нысандар жағдайына байланысты, қоғамдық қауіпсіздік сынды бірнеше хаттар аудандық мемлекеттік мекемелерге жолданып келеді.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын тыңдауға жылдық жоспар бекітіліп келеді. Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы, аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы тыңдалды.
Жыл басынан бері қоғамдық кеңеске жеке және заңды тұлғалардан 6 өтініш түсіп, барлығы бойынша зерделеу жүргізіліп, тиісті мекемелерге жолданды.
Біздің басты ұстаным – әрбір азаматтың мәселесіне бей-жай қарамау. Сондықтан, тиісті мекемелермен бірлесіп шешу кеңестің тұрақты тәжірибесі.
Қоғамдық кеңестің қызметі ашық болуы үшін отырыстарға БАҚ өкілдері шақырылып, Қоғамдық кеңес отырыстары туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып, халыққа қолжетімді етілуде.
Бұдан бөлек, жыл ішінде бірнеше ауылдық округтерге шығып, жергілікті тұрғындармен кездесулер, проблемалық мәселелерді талқылау жұмыстары жүргізілді. Халықтың ұсыныс-пікірлері арнайы тізімге енгізіліп, жауапты органдарға жолданды.
Әсіресе, ауыл тұрғындары көтерген инфрақұрылым жайы, әлеуметтік қолдау мәселелері кеңес назарында болды. Әрбір мәселе бойынша жауапты органдардың есебі тыңдалды.
Қоғамдық кеңес отырыстарында аудандық бюджет жобасы талқыланып, қаржының ашық әрі мақсатты жұмсалуына ерекше көңіл бөлінеді.
Мәселен, Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №24-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасын қарау барысында, елді мекендерді сумен жабдықтау үшін КБМ қондырғысын орнату - 63 237,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлу ұсынылған болатын. Алайда қондырғы орнатудың қажеттілігін дәлелдейтін геологиялық зерттеу материалдары мен өзге де негіздемелік құжаттардың толық ұсынылмауына байланысты бұл жобаға қолдау көрсетілмеді. Себебі, ең алдымен жер асты су қорының жеткіліксіздігі мен оның сапасына жан-жақты зерттеу жүргізілуі қажет. Тиісті ғылыми және техникалық қорытындыларсыз іске асырылған жоба болашақта күтілген нәтиже бермеуі мүмкін. Бұл өз кезегінде бөлінген бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелуі ықтимал.
Осылайша, Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – аудандық бюджет қаражатының ашық, тиімді және халық игілігі үшін жұмсалуын қамтамасыз ету, негізсіз шығындарға жол бермеу болып табылады.
Қоғамдық кеңес жұмысы алдағы уақытта да ашықтық, тиімділік және халықпен тұрақты тұрақты байланыс қағидаттарын сақтай отырып жалғасын табатын болады.
Алдағы уақытқа арналған жоспарлар:
Сонымен бірге, Қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу, қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалау және халықтың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету бағытында белсенді жұмыс жүргізуді жалғастырады.