Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25-9 «2025-2027 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25-9 «2025-2027 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жаңақала аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25-9 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Пятимар ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 45 390 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 106 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 88 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 41 196 мың теңге;

2) шығындар – 48 359 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 969 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 969 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 969 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
11 декабря 2025